Жаңалықтар

Белгілі журналистті “ұйықтап қалды” деп жүрген кімдер?

  Жаңа бір әзірде басшымыз аяқ астынан кіріп келді. Бір "тоқылдақтар" мені "ұйықтап жатыр" депті - деп жазды белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің фейсбук парақшасына.Бұл туралы  newsroom.kz хабарлайды. Мұндай оңбағандық бұрынғы әкімдердің тұсында болмаған еді. Мынау масқара енді... - деп күйінді атақты боксшы Олжас Сәттібаевтың әкесі. “Түске дейін Жамбыл атамыз жөнінде "дөңгелек үстел" өткізгем. Соған келмеген басшыларым, "мені ұйықтап жатыр" дегенге сеніп жетіп келген ғой... Жасұлан балам қайта-қайта жазып жүргенге "қойшы, бір өкпесі бар шығар" деп ойлайтынмын, сөйтсем бір шындық бар сияқты... Толығырақ ертең жазам...” - деп жұмбақтады К.Сәттібайұлы.