Абылай Мырзахметов өте қомақты пара алды деген күдікке ілінді

Абылай Мырзахметов өте қомақты пара алды деген күдікке ілінді

ашық дереккөзі

  "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов өте қомақты қаржы көлемінде пара алғаны үшін ұсталды деп хабарлайды newsroom.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Антикор оның ұсталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады. Пара көлемі 30 млн доллар (13,3 млрд теңге) екені белгілі болды. Ол 2022 жылы ақпанда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен өз еркімен кеткен болатын. Экс басшы өзіне тағылған сынмен келісетінін айтып, Ұлттық палатаның кезектен тыс IX съезінде мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ ол бұған дейін ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған. Естеріңізге сала кетсек, Абылай Мырзахметов "Қазақстан темір жолы" РМК бас директорының міндетін атқарушы, "Самұрық-Қазына" қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. Антикор кейінірек егжей-тегжейлі ақпарат беруге уәде берді. Айта кетерлігі, 2003 жылы мамырда Мырзахметов мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жүктелуде...