Ана тілі үшін қорқытады: шахматтағы тіл туралы спорт журналисі не деді?

Ана тілі үшін қорқытады: шахматтағы тіл туралы спорт журналисі не деді?

ашық дереккөзі

  Спорт тілшісі Аслан Каженов ана тілінде сөйлемейтін шахмат ойыншыларын сынап желіде жазба қалдырды. Оған күні кешегі шахматшы Бибісара Асаубаеваның қазақ тілін үйренуге уақытының жоқ екені, отбасында мүлдем қазақша сөйлемейтіні себеп болған, деп хабарлайды newsroom.kz. «Бибісара бір мысал ғана... Дәл солай ұлттық құрамадағы басқа қыздардың да қазақшасы оңып тұрған жоқ. Жалпы қазақ шахматының қазақшасы өте нашар. Былтыр Астанадағы әлем чемпионатынан мемлекеттік тілде бір ауыз сұхбат ала алмай қайтқам. «Принципті түрде сөйлемейміз. Не істейсің?» - деп тұрып алды. Сосын биыл бармадым. Бәрібір сол әңгіме болатынын білемін. Негізі салада бір-екі ұлтжанды азамат бар. Бірақ, олардың өзін біресе Конституциямен, біресе КНБ-мен қорқытады. Кейде игнор жасайды, кейде, керісінше, соларға жабылып жатады. Соған қарамастан тіл үшін әлі күресіп жүр. Ең бастысы – отандық шахматтың ішінде осындай қозғалыс бар. Қалғаны уақытпен реттелуі керек. Реттеледі де. Өйткені, менің сол кездегі жанайқайымнан кейін шахмат федерациясының инстасы мен сайты қазақша жаза бастады. Көпшілік қазақшаны талап ете бастады. Енді, ұлттық құрамадағы қыздар, ананы-мынаны сылтаурата бермей, өз ана тілдеріңді меңгеруге кірісіңдер. 100 сөз жаттасаңдар, жетеді. Сұхбат беруге жетеді. Онсыз да жүздеген комбинацияны жаттап жүрсіздер. Оның қасында 100 сөз деген не?! Бәрібір соған келеміз. Сондықтан қазірден нете беріңіздер,”-деп жазды журналист. Осы мәселе бойынша Аслан Каженов мырзаға хабарласып, пікірін білген едік. “Шахмат ойынында сондай орта қалыптасқан. Өзбекістанның Қарақалпақстан автономиялы республикасынан келген жаттықтырушы шахматтағы әдістерді қазақшалайық, жастарға қаза тілінде үйренуге мүмкіндік жасайық деген пікіріне кейбір азаматтар құлықсыз. Бір-екі тіл жанашырлары бар. Алайда олардың жолын кесетіндер табылады,-деді ол. “Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас” дегендей оны бір адам жазғанмен өзгелер “пысқырмасы” анық. Өзге ұлт өкілдері тілін сындырып, қазақша сөйлесе, мерейіміз көтерілітіні анық. Алайда қазақтың өз ана тілінде сөйлеу алмауы қынжылтатыны сөзсіз. Ал спортшы болған соң, олардың Отанына, еліне, тіліне құрметі екі есеге артық болады емес пе? Өзге елге Қазақстаннан екенін мақтанышпен айтатындай дарын иесі сол спортшыларымыз. Сондықтан да депутаттың қазақша сайрағанынан, спортшының “мен қазақпын” дегені әлдеқайда абзалырақ.

Жүктелуде...