Түркістан: Өзбекстанмен шектесетін шекара бөлімшелерінің инфрақұрылымы жақсарады

Түркістан: Өзбекстанмен шектесетін шекара бөлімшелерінің инфрақұрылымы жақсарады

ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы мемлекет шекарасының 913 шақырымы Түркістан облысының аумағы арқылы өтеді. Осы аумақтағы Шекара бөлімшелері нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстар жанданады. Бұл түйткіл Түркістан облысының шекара мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің мәжілісінде кеңінен талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы шекаралық бөлімшелердің инфрақұрылымын жақсарту аса маңызды міндет екенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.  />

– Түркістан облысында шекара қорғанысын күшейту және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстар атқарылуда. Шекара қызметі бөлімшелерінің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы 2020 жылы қыркүйекте бекітілген. Нақтылауды тапсырамын. Бүгінгі үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен Шекара қызметі бөлімшелерінің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы мұқият зерделеніп, жаңа редакцияда бекітілуі тиіс.  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысындағы 25 шекара бөлімшесінің инфрақұрылымы, газ жүйелері құрылысына 2023 жылы облыстық және республикалық бюджеттерден қаржы бөлінген нысандар құрылысының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Мақтааралдағы – 3, Жетісайдағы  2 нысанның құрылысы сапалы атқарылуы керек. Келес өзенінің жағалауындағы су бұзып өткен аумақтарды қалпына келтіру, өзен арналарын реттеу, өзен жағалауларын бекіту және нығайту жұмыстарын жүргізуге жұмыстар жедел зерделенгені жөн, – деді Дархан Сатыбалды.

<img src=

Жүктелуде...