Жаңалықтар

“Павлодарэнергоға” белорус маманы басшы болды

"Павлодарэнерго" АҚ бас директоры болып Беларусь елінен келген маман Олег Шемель тағайындалды, - деп newsroom.kz хабарлайды Tengrinews.kzтілшісіне сілтеме жасап.

"Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен компанияның бас директоры болып Шемель О.А. тағайындалды", - делінген KASE хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Вадим Лесин "Павлодарэнерго"АҚ бас директоры қызметін атқарған.