Жаңалықтар

Өзіне қол жұмсайтындар саны азайған

  Қазақстанда суицид статистикасы төмендеді. Бұндай мәлімдемені ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. Сүйіншілейтін жағдай болмаса да былтырға қарағанда өз-өзіне қол жұмсайтындар саны едәуір азайған. Яғни 4 мыңнан 3,7 мыңға дейін азайған. Соңғы бесжылдықта азайғанмен 2021 жылы 7 пайызға көбейген. Алайда биылғы екі ай ішінде 526 адам өз өмірімен қош айтысып үлгерген. Адамдардың мұндай қадамға баруына не себеп? Артық стресс, болмашы уайым, ұрыс-керіс, ерлі-зайыптылардың отбасылық қақтығысы т.б жағдайлар да бар. Әсіресе ер адамдар суицидке бейім екендігі анықталған. Қайтыс болғандардың 78,9%-ы ер адамдар, оның ішінде 2,9 мың, қалған 770-і әйел. Айырмашылық төрт есе дерлік. Көш бастап тұрған жасөспірімдер екен. 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі 17,3%-ды құрайды. Дәл осындай үрдіс балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау деректерінен де байқауға болады. Егер стресс факторлары белгілі болған 15,6% жағдайды ғана статистиканы қарастыратын болсақ, онда олардың арасында бірінші орынға жалғыздық мәселесін қоюға болады. Былтыр осыған дейінгі психологиялық проблемаларды тұжырымдау арқылы суицидтен 230 қайтыс болды. Айтпақшы, 2021 жылмен салыстырғанда мұндай жағдайлардың саны 98-ге артқан. Сондай-ақ қиын статистиканы толықтырып отырғандардың қатарына қаржылық қиын жағдайға тап болғандар, жұбайымен ауыр ажырасқан және де ауыр дертке шалдыққандарды жатқызуға болады. Әйтсе де бұл деректер қағаз жүзінде болғанымен, өз өмірімізде күнделікті кездесіп жатқан дүние. Өз-өзіне қол жұмсау да, өзгені өлтірумен тең ауыр қылмыс екенін түсінгеніміз абзал.