Директорлар Кеңесі шешімімен Оксана Радченко «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол компания құрылған 2019 жылдан бері басқарған Убегалиева Гүльмираның орнына отырды, деп хабарлайды newsroom.kz.
«Евразия» ӨСК өмірді сақтандыру нарығының салыстырмалы түрде жас қатысушысы, компания төрт жыл ішінде өз клиентін тауып, берік позицияларды иеленді. Менің алдымда компанияны клиенттік базаның өсуі бойынша да, қаржылық көрсеткіштер бойынша да көшбасшылар қатарына қосу міндеті тұр. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, оның ішінде 30 млрд теңге деңгейіндегі меншікті капитал қоры, сондай – ақ «Евразия»СК ана құрылымының айтарлықтай тәжірибесі мен құзыреті бар», – деді Оксана Радченко.
«Евразия» ӨСК сақтандыру өнімдерінің санын көбейтіп, клиенттермен қарым-қатынасқа аса мән бере отырып, қызмет көрсету және барлық процесстерді цифрландыратын боламыз.
Радченко Оксана инновациялар менеджменті Академиясын «Ұйым менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оксана Радченко 2006 жылы «Казкоммерц-Life» ӨСК құрылымы негізінде болды. 2015 жылы «Казкоммерц-Life» пен «БТА-жизнь» компанияларын қосты. 2018 жылы «Казкоммерц-Life» пен «Halyk Life» өмірді сақтандыру компанияларын қосып, басқарма төрағасы атанды.