Тағы да білім саласы: Қызылордада 1,2 млн $ ұрланған

Тағы да білім саласы: Қызылордада 1,2 млн $ ұрланған

ашық дереккөзі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Қызылорда облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтері 1,2 миллион доллар жымқырғанын мәлімдеді деп Newsroom.kz хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.   Агенттік мәліметінше білім беру мекемелерінде қызмет етпейтін адамдардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге жымқырған. “Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада. Еске салайық, Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі ақша жымқырды дегенкүдікпен ұсталған еді. Одан 14 пәтер, 7 коммерциялық үй, 2020 жылғы Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі және зергерлік бұйымдар тәркіленді.

Жүктелуде...