Жаңалықтар

Еліміздің банктерінде құрылыс компанияларымен бірлескен қандай ипотекалар бар?

Қазақстандық банктер құрылыс компанияларымен бірге қазақстандықтар үшін өздерінің қызықты бағдарламаларын ұсынады. Altyn Bank пен BI Group бірлескен жобасы «Оңай» жеңілдетілген ипотекасы туралы Finprom.kz бұған дейін жазған болатын. Осы құрылыс компаниясының Freedom Finance Bank-пен де бірлескен «Цифрлық ипотека» бағдарламасы бар, деп Newsroom.kz хабарлайды Finprom.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Топ сондай-ақ ЦентрКредит банкімен және Halyk Bank-пен жұмыс істейді (бұл екі екі қаржы институты басқа серіктес құрылыс компанияларымен, мысалы, «Базис-А» құрылыс компаниясымен де жұмыс істейді). Шарттары жағынан тартымды және мамандандырылған даму институты Отбасы Банкі — «Кереге Ипотекасымен» бірлескен жоба.

Отбасы банкі өз кезегінде заң бойынша операторы болып саналатын мамандандырылған мемлекеттік бағдарламалар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тікелей қатысу мен өзінің «Өз үйім» бағдарламасынанбөлек жекелеген әлеуметтік топтарға арналған («Жас отбасы», «Жаңа баспана», «Ұмай» және т. б.), өңірлік жастар бағдарламасы мен басқа да қолжетімді мөлшерлеме және жалпы шарттары қолжетімді бағдарламаларды іске асырып жатыр.

Отбасы банктің тағы бір қызықты жобасы — кәсіпорындармен серіктестіктің арнайы бағдарламалары: зауыт жұмысшылары, кеншілер, металлургтер, құтқарушылар және т. б. «Корпоративті» өнімі арқылы баспана сатып ала алады. Бағдарлама 2019 жылдан бері жұмыс істейді және жеке компанияларға, кәсіпорындарға, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарға мемлекеттік бағдарламаларды айналып өтіп, қызметкерлерге жеңілдетілген шарттармен несиелік тұрғын үй беруге мүмкіндік береді. Қазақстандық кәсіпорындар, қаржы институтының мәліметінше, биыл наурыз айына дейін өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешуге 10 млрд теңге бөлген. Бағдарлама серіктестері «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Qazinterservice» ЖШС, Eurasian Resources Group (ERG) және т. б.

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ірі кәсіпорындар да өз қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етуге мүдделі. Мысалы, жоғарыда аталған ERG тек Отбасы банкімен ғана емес, Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы — Қазақстандық тұрғын үй компаниясымен (ҚТК) жұмыс істейді. Өткен жылдың соңында қол қойылған меморандумға сәйкес, алдағы үш жылда ERG өзі жұмыс істейтін қалаларда 850 пәтер салады. Атап айтқанда, Хромтауда 360, Ақсуда 150, Павлодарда 150 және Рудныйда 160 пәтер салады. Кәсіпорын қызметкерлері үшін тұрғын үй құрылысына 13,6 млрд теңге бөледі. ҚТК бұл пәтерлерді сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй механизмі бойынша ERG кәсіпорындарының қызметкерлеріне сатады. Бастапқы салым талап етілмейді.

Соңғы 5 жылда сектордағы ERG бағдарламалары аясында топтың Ақтөбе, Хромтау, Қарағанды, Рудный, Лисаковск, Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларындағы кәсіпорындарының 1,3 мыңға жуық жұмыскерлерінің отбасы тұрмыстық жағдайларын жақсартты. Оның ішінде 2016–2019 жылдары ҚТК арқылы 747 пәтер сатып алынса, 2020-2021 жылдары Отбасы банкі арқылы 485 өндірістік қызметкер баспаналы болды.

Осылайша, бизнестің, мемлекет пен даму институттарының бірлескен күш-жігері арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері өз шешімін табуда. Дегенмен, әзірге бұл жеткіліксіз екені анық.

Фото: Krisha.kz