Жаңалықтар

Миссисипидегі сұмдық торнадо: бір қала жер бетінен толықтай жойылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, сенбіге қараған түні АҚШ-тың оңтүстігінде болған торнадо салдарынан Миссисипи мен Алабамада кем дегенде 26 адам қаза тапты, деп Newsroom.kz хабарлайды BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.

Миссисипи Үкіметі төтенше жағдай жариялады, тірі қалғандарды іздеу жалғасуда.

Миссисипи Төтенше жағдайлар басқармасы үйінділерді алған кезде құрбандар мен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін ескертті.

Фото: BBC.com