Қазақстанда Макаров тапаншасын атудан жарыс өткізілді
Павлодарда полицейлер Макаров тапаншасын атудан жарыс өткізді, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Үздік атқыш атағы үшін ЖҚАЖ қызметкерлері сайысқа түсті. Қазақстан Республикасының жедел қимылдайтын арнайы жасағының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған матч департаменттің атыс тирінде өтті.
Егжей-тегжейлі нұсқаулықты Павлодар облысы IPSC практикалық атыс Федерациясының судьясы Андрей Егоров жүргізді. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте үздік атқыш Жәнібек Сыздықов атанды, күміс жүлденің иегері Алтай Алигожин атанып, үштікті Бақтияр Қабылда бекітті.
Матч соңында барлық қатысушылар Федерация медальдарымен марапатталды.
Фото: Polisia.kz– Практикалық ату бойынша жарыстың басты қағидасы – қару-жарақпен жұмыс істеудегі қауіпсіздік, содан кейін спорттық қызығушылық. Бүгін сіздердің әрқайсыларыңыз ең жақсы қасиеттерді – дәлдік, ерік-жігер мен ептілікті көрсететініне сенімдімін, – деді ЖҚАЖ командирі Руслан Каңтарбаев.
– Мен үшін бұл матч маңызды, өйткені ол біздің бөліністің 20 жылдығына арналған. Ату – бұл ерекше рақат. Сен басқаратын күш сезімі, артқа шегіну – мұның бәрі мені практикалық атуға тартады. Бүгін мен жетекші орынға ие болдым, сол үшін өзіме дән ризамын, – деді Жәнібек Сыздықов.