Түркістан төрінде Орта Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, белгілі жазушы Нұртөре Жүсіп Түркістан қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумында көршілес елдер арасындағы рухани-мәдени байланысты нығайту мәселесін көтерді, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Ол бірінші парламентаралық форум өткен Түркістан қаласының тарихи орнын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан тарихының алуантүрлігінің орталығы және тарихи маңызы бар орталықтарды сақтаған өңірінің тарихын айтуға бір мақала өзі жетпейді. Ал өңірдің туристік аймаққа айналуы арқылы қазақстандықтарға Қазақстан тарихын өз көзімен көріп, аздаған уақыт ішінде рухани күшпен иемденуге мүмкінік туды. Ұлттық рухани жаңғыру мақсаты – Ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен әр алуандығын арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, Түркістан төріндегі Орта Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумында 5 мемлекеттің қатысуымен Түркістан декларациясы қабылданды. Оны Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және Тәжікстан парламенттерінің басшылары қолдады. Декларацияның мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:
Біз, 2023 жылғы 9-10 ақпанда Түркістан қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумының қатысушылары, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Парламенттерінің атынан өкілдік ете отырып,
Тату көршілік пен өзара сыйластық қағидаттарына негізделген ғасырлар бойғы тарихи, рухани және мәдени тұтастық пен Орталық Азия халықтарының достығына сүйене отырып,
Тарихи қалыптасқан мықты көршілік қатынастар негізінде өңірлік ынтымақтастықты дамытудың үдемелі процесін растай отырып,
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өзара тиімді өңірлік ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалай отырып,
2022 жылғы 21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің мәнін, сондай-ақ Парламентаралық форум өткізу туралы қол жеткізілген уағдаластықты іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын атап көрсете отырып,
2023 жылғы 14-15 қыркүйекте Душанбе қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бесінші мерейтойлық консультативтік кездесуін өткізуді құптай отырып,
Парламенттік дипломатия бейбітшілікті, өзара түсіністікті және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңызды құралы болып табылатыны туралы пікірлердің бірлігін растай отырып,
Парламенттік ынтымақтастық Орталық Азия мемлекеттерінің өмірлік маңызы бар және ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне сай келетініне сенім білдіре отырып,
Өңірдегі, сондай-ақ әлемдегі өткір сын-қатерлерді шешуде парламентаралық байланыстар рөлінің артып келе жатқанына мән бере отырып,
Парламенттердің бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде ашық және ауқымды өзара іс-қимылға дайындығын растай отырып,
2022 жылғы желтоқсанда қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетудегі парламенттердің рөлін күшейту туралы Қарарының маңыздылығын құптай отырып:
Қазақстан Республикасы,
Түркістан қаласы,
2023 жыл, 10 ақпан.– Түркістан – түркі халықтарының рухани астанасы. Түркістан – бәріміздің қасиетті ордамыз. Бұл жерден Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби шыққан. Әл-Фараби еңбектері еуропалық қайта өрлеу дәуіріне үлкен әсер етіп, Батыс пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларын байланыстыруға дәнекер болды. Қазақ халқының көрнекті өкілі, ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған Қожа Ахмет Ясауи осы топырақта дамылдап жатыр. Бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани хикмет» еңбегі Ыстамбул, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматы қалаларында сақталған, – дей келе бірқатар ұсынысын жеткізді.
– Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени-гуманитарлық байланысын одан әрі тереңдете дамыту үшін жоғарыда есімдері аталған және өзге де тарихи тұлғалар туралы көркем фильмдер, түрлі сериалдар түсіру керек. Екіншіден, Орталық Азия мемлекеттерінің біртұтас жоғары білім кеңістігін құру туралы декларацияны басшылыққа ала отырып, ЖОО арасында тәжірибе алмасу, студент жастарды оқытуда бірлескен квоталарды көбейту қажет. Мүдделес мемлекеттермен экологиялық проблемаларды, әсіресе Арал апат аймағын кешенді түрде зерттеу және денсаулық сақтау саласындағы бірлескен ізденістер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жандандырған жөн, – деді Нұртөре Жүсіп.