Жаңалықтар

Қытайда бала тууды көбейту үшін, ақылы бал айы күндерін ұлғайтпақ

Қытайда туу деңгейінің төмендігіне алаңдаушылық бар. Бұл жекелеген провинциялардың экономикалық тұрақсыздығына әкеледі деп дабыл қағуда мамандар. Осыған байланысты жекелеген провинцияларда тууды арттыру үшін бал айын 30 күнге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданыпты, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Қытай провинциялары жас жұбайларға бала тууды жақсарту үшін 30 күндік ақылы "неке демалысын" беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Channel News Asia (CNA) жазады.

Жалпы Қытайда ең төменгі ақылы демалыс үш күн. Алайда 2023 жылдың ақпанынан бастап провинциялар некеге тұрғаннан кейін демалыс беру туралы өздерінің ережелерін белгілей алады. People ' s Daily Health мәліметтері бойынша, Ганьсудың солтүстік-батыс провинциясы мен Шаньсидің көмір өндіретін провинциясы ең көбі 30 күндік, Шанхай 10 күн, ал Сычуан үш күндік ақылы "неке демалысын бере алады екен.

Мұндай шараларды негізінен экономикалық дамуы салыстырмалы түрде баяу кейбір провинциялар мен қалаларда жүзеге асырылуда. Өйткені қазіргі таңда жұмыс күші мен тұтынушыларды көбейту қажеттігі туындап отыр. Мұндай алаңдаушылықтың басты себебі, қытай халқының саны өткен жылмен салыстырғанда 850 мың адамға азайып кетуінде екен. Бұндай көрсеткіш  60 жылдан соң алғаш рет орын алып отыр.

Фото: zviazda.by