Жаңалықтар

Желіге АҚШ әскери қызметшілерінің құпия деректері жарияланған

АҚШ Қорғаныс министрлігі Интернетке американдық әскерилердің электрондық хаттар жіберетін қорғалмаған серверді тапты, деп Newsroom.kz хабарлайды It-world.ru дереккөздеріне сүйене отырып.

Сервер Қорғаныс министрлігіне арналған Microsoft Azure үкіметтік бұлтында орналастырылған. Ол Үкіметтің құпия деректерімен алмасу үшін пайдаланылды. Онда шамамен үш терабайт деректер сақталып, көпшілігі АҚШ-тың арнайы операциялар қолбасшылығына немесе ussocom-ға, АҚШ-тың арнайы әскери операцияларды жүргізу міндеті жүктелген әскери бөліміне қатысты.

Серверге құпия сөзсіз IP-мекен-жайын білу арқылы Интернеттегі кез-келген адам құпия құжаттарды оқи алатын болған.

Фото: ridus.ru