Жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы «Road show» жылжымалы шара бастау алды

Алматыда жаңа форматтағы «Road show» жылжымалы шарасы басталды, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Осылайша бүкіл қаланы аралаған «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттардің бірі Ольга Спирина, Серік Есматов, Әсия Ақанова және басқалары алматылықтардың ұсыныс-тілегін қабылдау шарасы жалғасып жатқанын хабарлады. Жабдықталған автобустар шаһардағы базар, сегіз аудандағы сауда орталықтары мен үйлердің маңына тоқтап, әр сайлаушының талап-тілегін тыңдап қайтты.

 width=

Тұрғындар тарапынан жаңа кәріз желілерін жүргізу, апатты жағдайдағы тозығы жеткен үйлердің шатырын жөндеу, үйдің қасбетін ретке келтіріп, ағаштарды санитарлық кесу сынды бірқатар көкейкесті мәселелерді тілге тиек етті. Сондай-ақ, сайлаушылар алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсететін емханалардағы шамадан тыс жүктемені азайту, мегаполистегі нүктелі құрылыс, көшелердің су басуы, мектеп пен балабақшалардағы орын тапшылығына қатысты наразылығын білдірді.

Жылжымалы іс-шара барлық қатысушылардың көңілінен шыққанын атап өткен жөн. Тұрғындар үміткерлерге түрлі сұрақтар қойып, өз мәселелерін айтып, өздерінің байланыс нөмірін қалдыруға мүмкіндік алды.

«Мен аталған мәселенің шешілуін жеке бақылауыма аламын», — деп уәде берді «AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидат Әсия Ақанова.

Тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелердің шешімі бағдарламалық құжатта көрініс тапқанын тілге тиек еткен «AMANAT» партиясының Алматы қалалық сайлауалды штабының мүшелері тұрғындарға партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бағдарламаның бес негізгі аспектісі экономиканы дамытуға, инфрақұрылым сапасын жақсартуға, білім беру мен денсаулық сақтаудың қолжетімді болуына,  қалалық ортаның қауіпсіздігі мен  Алматының мәдени, спорттық және жастар қаласы ретінде қалыптасуына бағытталған.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді