Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған. Қостанай облысында «Volkswagen t4» көлігі отқа оранды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға Қашар кентіндегі жанар-жағармай бекеті маңында болған. Жолаушылар тасымалдауға арналған «Volkswagen t4» автокөлігі жол үстінде өртеніп кеткен. «Өрт ауқымы 4 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлік қозғалтқышындағы сымдар тұйықталып, өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше көлік түгелдей жанып кетті. Қазір шығын көлемі есептелуде», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Жүктелуде...