Жаңалықтар

Қалада көшедегі адамдардың көзінше жас қызды зорлады (Видео)

Үндістанның Вишакхапатнам қаласында әйелді көшедегі адамдардың көзінше зорлап тастады, деп newsroom.kz хабарлайды stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Бұл туралы The Hindustan Times жазады.

Куәгерлер зорлық көрсеткен адамды ұстап, оның үстінен полицияға хабарлаудың орынына ұялы телефондарына түсіріп тұра берген.

Басылым мәліметінше, оқиға болардан екі күн бұрын әйел күйеуімен ұрысып, үйден кетіп қалған екен. 23 жастағы Ганжи Сильва есімді жігіт мас күйде оған келген кезде әйел көшеде жатқан.

“Ол біраз уақыт ас ішпегендіктен өте әлсіз еді және ағаштың көлеңкесінде жатты. Ал жігіт болса мас күйінде келіп оны зорлап кеткен”, – дейді полиция.

Қазіргі таңда әйелге шабуылдаған ер адам ұсталып, әйел ауруханаға жеткізілген.

[embed]https://youtu.be/E1hf83uY_-U[/embed] Фото: stan.kz