Жаңалықтар

Қазақ тойында тағы бір масқара ойын (Видео)

Желіде тойдағы келеңсіз ойын қызу талқыға түсті, - деп newsroom.kz хабарлайды Massaget.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Видео Instagram-парақшалардың бірінде пайда болды. 

Видеода ойынға қыз бен жігіт жұп болып шығады. Кейін экранда түрлі сурет шығады, жұптар сол суреттерді қайталайды. Экрандағы суретті қайталаймын деп жігіт қызды арқасына көтереді, ал қыз екі аяғын аспанға көтереді. Кейін келесі суретті қайталау үшін қыз жерге жатып алады.

Масқара ойын видеосы осы сілтеме арқылы

Желі қолданушылар асабаның мұндай ойнына шүйлікті. 

"Асаба дұрыс ойын әкелмей ме?" "Қыздарда ұят болу керек қой", "Не болып бара жатыр? Тамада жат десе жатып, тұр десе тұрып, ұят қайда, ар қайда?" "Масқара!" "Мұндай мәдениетсіз асабаларды құрту керек", "Не жыларымды, не күлерімді білмей қалдым ғой", - деп жазған пікір қалдырғандар.

Фото: Massaget.kz