Жаңалықтар

Муай-тайдан әлем чемпионатында астаналық спортшылар жүлделі болды

15 қарашада Тайланд мемлекетінің Паттайя қаласында Муай-тай WMF-тен ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 29 мемлекеттен 323 спортшы қатысып, бақ сынауда. Аталмыш чемпионат астаналық құрама команда үшін  сәтті басталды. Олардың  қоржынында 3 «алтын», 1 «күміс», 1 «қола» бар. Олар: 1-орын – Давид Широкорадов, 51келі13-15 жас 1-орын – Алексей Магдеев, 48келі 19-37 жас 1-орын – Владимир Колесников, 60 келі 19-37 жас 2-орын – Мадина Қасымова, 51 келі 16-18 жас 3-орын – АгишевТахир, 63.5 келі Сонымен қатар, 71 келі салмақ дәрежесіндегі астаналық спортшы Нұртаза Жұмаханов пен 91 келі салмақ дәрежесіндегі Қайратбек Жарекеев жартылай финалға өтті.