Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі болып тағайындалды
Бұған дейін бұл қызметті Әлихан Смайылов атқарды. Ол Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sputnik.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі болып тағайындалсын", - делінген харлықта.
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі болған Әлихан Смайылов қызметінен босатылып, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ерұлан Жамаубаев кім
Ерұлан Жамаубаев 2019 жылдың 22 наурызында қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Әр жылдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарушы директоры (2014-2015 жылдары), президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бақылау бөлімі бастығының орынбасары (07.2015-11.2015), кейіннен бөлім бастығы (11.2015-11.2018) болды. 2018 жылдың 29 қарашасынан 2019 жылдың 22 наурызына дейін Жамаубаев президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді. Үйленген, үш баласы бар.