Жаңалықтар

"Қазір тәкаппар" жас кезіндегі бейнежазбасын салған Қарақат…

Instagram-ға жиырма жастан асқан кездегі бейнежазбасын салған Қарақат қазнетте қызу талқыланып жатыр. Әншінің ескі таспадағы табиғи болмысын көрген көпшілік қазір қатты өзгерген айтқан, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Желіге жүктелген сәтте бірден жұрт назарына іліккен видео осыдан 20 жыл бұрын, яғни 2002-де түсірілген екен. Әлгі роликте жап-жас Қарақат дастархан басында "Атыңнан айналдым, Жаңарқам" әнін домбыраның сүйемелдеуімен құйжылжыта орындаған. Әбілдинаның жанында тұңғышы отыр. Ол кезде Бекболат Болмановтың бір жасар кезі екен. Әнші жеке парақшасындағы дәл осы бұрынғы бейнетаспаға қатысты ерекше естелікпен бөлісіпті.

Шаң басқан архивтерден табылармыз. 20 жыл бұрын жаңаарқалық марқұм Бағлан ағаның шаңырағындағы естелікті Гүлбаршын Тергеубекова жіберіпті. Өтіп жатқан уақыт-ай. Қасымда отырған сары балапанды таныған боларсыз. Жаңаарқама жалынды ән сәлемім болсын, — деді Қарақат.

Табиғи қас, бояусыз бет, қазақы келбет және шынайы болмыс. Бұл видеоны көрген тыңдармандары жас кездегі Әбілдинаның әні мен дауысына ерекше тамсанғанымен, бірақ Қарақаттың қазір қатты өзгергенін де ашық айтыпты.

"Дауысыңыз керемет, Қарақат. Жас кезде қарапайым болыпсыз. Қазір ондай емес, басқашасыз. Қазір тәкаппар болып көрінеді", "Керемет ән, керемет дауыс. Бірақ жас кезде кәрі болыпсыз. Қазір косметиканың дамыған заманы ғой", — деп жазды оқырмандары.

[caption id="attachment_71025" align="alignnone" width="828"] width= Фото: exk.kz[/caption]

Фото: exk.kz / instagram.com / karakat_a