Жаңалықтар

Экология министрі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Экология министрі Серікқали Брекешев 16 қарашада республиканың өңірлеріне жұмыс сапары барысында Теміртау қаласында Қарағанды облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың, қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Министр өз сөзінде жалпы республика бойынша министрлік қызметінің негізгі мәселелерін, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша мәселелерді сөз етті.

Мәселен, атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі, ескірген кәріз тазарту құрылғылары және Қарағанды және Теміртау қалалары өнеркәсіптік бөлігінде ауаға ластаушы заттар шығарындылары бойынша алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі. Оның үлесіне елдегі жалпы шығарындылардың шамамен 23 пайызы немесе 583 мың тоннасы. Бұл ретте облыс бойынша шығарындылардың 36 пайызы Теміртау қаласының үлесінде.

Негізгі ластаушылар «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорыны және «Қазақмыс Корпорациясының кәсіпорыны болып табылады үлкен мәселе болып табылады.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының шеңберінде Қарағанды облысында 5 жыл ішінде 3 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында шығарындылар көлемін 20 пайызға қысқарту қарастырылған.

 width=

Мәселен, «АрселорМиттал Теміртау» Болат Департаментінде 2025 жылға қарай лимит бойынша шығарындыларды 60 пайызға (370 мың тоннадан 149 мың тоннаға дейін), «Қазақмыс» Балқаш мыс қорыту зауытында 44 пайызға (55,6-дан 31,1 мың тоннаға дейін) төмендету, «Қарағанды Энергоцентр» бойынша 10 пайызға (39-дан 35 мың тоннаға дейін) төмендету жоспарлануда.

Қарағанды облысында 57 іс-шарадан тұратын Жол картасы қабылданды, оның ішінде 23 іс-шара «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының қызметіне қатысты.

Мысалы, соңғы 5 жылда кәсіпорында жалпы сомасы 32 млрд теңгеге жуық табиғатты қорғау шаралары жүзеге асырылған, қаржылық шығындар тұрғысынан - бұл әсерлі көрініс. Дегенмен, ластаушы заттар шығарындыларының азаюы небәрі 4 мың тоннаны құрады. Және бұл тек шаң бойынша. Басқа улы газдар көлемінің төмендеуі мүлде жоқ. Бұдан басқа, кейбір жоспарланған табиғатты қорғау шаралары кәсіпорынмен орындалмайды және оларды жүзеге асыру жылдан жылға ауыстырылып отыр.

Жақында Экология департаменті экологиялық мәселелерді кешенді шешу бойынша Жол картасының орындалуы бойынша тексеру жүргізді. Тексеру барысында экологиялық заңнаманың өрескел бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда бұл шекті жол берілетін шығарындылардың артуы, тазарту құрылғыларының тиімсіз жұмысы, рұқсаттардың болмауы және басқалар. Айыппұлдардың алдын ала сомасы 5,8 млрд.теңгені құрады, қазір шешім қабылдау үшін сотқа материалдар жіберілді.

 width=

Бұдан басқа, қазіргі уақытта 2023 жылға арналған экологиялық рұқсат алуға арналған жобалық материалдар Министрліктің қарауында, ал егер кәсіпорын шығарындыларды айтарлықтай төмендетуді көздемесе, біз экологиялық рұқсат беруден бас тартатын боламыз.

«Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары, Арселормитталдағы шығарындыларды азайту мәселесі біз үшін маңызды болып табылады. Біз шығарындыларды барынша азайту және технологиялық жабдықты ауыстыру, ең жақсы қол жетімді технологияларды пайдалану қажеттілігі бойынша позицияны ұстанатын боламыз», – деп атап өтті Серікқали Брекешев.

Тұрғындардың наразылығын тудыратын тағы бір мәселе – қалдықтарды басқару мәселелесі. 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 58 пайызды құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 8 пайызға  (50 пайыз) жоғары. Космомониторинг шеңберінде 745 қоқыс үйінділері анықталды, оның 98 пайызы жойылды. Қоқыс үйінділердің пайда болу себептерінің бірі –заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы. Мәселен, қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырудың 168 объектісінің тек 37-і немесе 25 пайызы экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

2024-2025 жылдар кезеңінде облыстық бюджет есебінен жаңа 6 қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонын құру жоспарлануда (Абай қ., Балхаш қ., Қарқаралы қ., Ботақара кенті, Ағадыр және Нұра кентілкр).

Қоғамдық резонанс тудыратын тағы бір мәселе – кәріз тазарту құрылғыларының жағдайы. Облыста 7 кәріз тазарту құрылғылары бар, олардың көпшілігі су объектілеріне төгуді жүзеге асырады. Бұл ретте, айтарлықтай жаңғырту мен реконструкция жүргізілмеген, барлық жабдықтардың тозуы бар. (Қарағанды қ., Сарань қ., Шахтинск қ., Абай қ., Қарқаралы қ,). Балхаш қаласында, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Нұра, Осакаровка, Шет аудандарында тазарту құрылғылары мүлдем жоқ.

Сондай-ақ, облыстағы мәселелердің бірі Нұра өзенінің сынаппен ластануы болып табылады. Тазалау жұмыстары жүргізілді. Алайда, бүгінгі таңда Теміртау электрометаллургиялық комбинатының кәріз коллекторын жою мәселелсі шешімін таппады. Бұл коллекторды кәсіпорын пайдаланбайды, бірақ тасқын кезінде осы коллектордан Нұра өзенінің екінші реттік ластануы жүреді.

Осыған байланысты, кәсіпорын өз қаражаты есебінен коллектор құрылысының сәйкес жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар, жобалаушыларда қиындық туындауда. Қалалық су арнасы («Окжетпес-Т» ЖШС) қалалық желі құбыры бойынша бастапқы деректерді бермейді.

Экология министрі Балқаш көлінің таяздану мәселелеріне жеке тоқталды. «Балқаш көлінің оңтайлы деңгейі Балтық жүйесі (БС) бойынша 341 метр болып табылады. Соңғы он жылда көл деңгейі осы белгіден төмен түскен емес. Көлдің тұрақты деңгейде сақталуына Іле өзенінің Балқашқа жыл сайынғы ағыны 12 тешке шақырымнан төмен емес көлемі кепілдік береді.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Балқаш көліне жылына кемінде 12 текше шақырым келу мақсатында 12 су объектісін тереңдету және тазарту, Балқаш көлі бассейніндегі 12 каналды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ, қытай тарапымен су бөлу жөніндегі Келісім жобасын одан әрі келісу кезінде Балқаш көлінің экологиялық жүйелерін дамыту және сақтау мүдделері ескерілетін келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы бойынша Министрлік топырақ эрозиясын азайту және шөлейттенуді болдырмау мақсатында Балқаштың жағалау сызығын көгалдандыру мәселесін пысықтауда»? – деді өз сөзінде Серікқали Аманғалиұлы.

«Геологиялық саланың алдында тұрған негізгі мәселе – қорлардың аз толуы. 5 жылдық кезеңде ел бойынша жер қойнауын 680 мың шаршы шақырымнан астам аумақта, оның ішінде Қарағанды облысында 23,5 мың шаршы шақырымға өңірлік геологиялық зерттеу жоспарлануда. Аталған жұмыстар геологиялық барлау жұмыстарының кейінгі кезеңдерін жүргізу және геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін Қазақстан аумағының перспективаларын бағалай отырып, геологиялық қамту карталарын жасауға мүмкіндік береді.»,- деп түйіндеді С.Брекешев.

Өз баяндамасының соңында Экология министрі жиналғандарға қатысқаны үшін алғыс айтып, қарағандылықтардың сұрақтарына жауап берді.