Жаңалықтар

Ғашықтар ескерткіші – аймақ бренді

Абай облысында алдағы уақытта туризмге баса на­зар аударылатын болады. Бұл туралы Абай облы­сының әкімі Нұрлан Ұранхаев БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде айтты, деп newsroom.kz хабарлайды aikyn.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

«Біздің өңірде қайда демалуға болады және не көруге болады? Бұл Алакөл ғана емес, Бесқарағай ауданындағы Шошқалы бар, Ең­лік-Кебек, Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу ескерткіштері бар. Қазақ халқындағы ұлы махаббат хикаясы арқау болған ғашықтар кешені – біздің өңірде. Неліктен 15 сәуірде Қазақстанда Ғашықтар мерекесі тойланып жатқанда, бұл ескерткіштерде ғашықтар, не­кеге тұрғандар мен жас жұбайлар үшін мереке немесе фестиваль ұйымдастырмасқа? Бұл біздің бренд болуы мүмкін. Ойкұдықта жас әртістер мен музыканттар арасында фестивальдар өткізуге болады. Бұл да есте қаларлық орын: мұнда Мұхтар Әуезов алғашқы қойылымын өткізді. Тарбағатай Елеке сазының ке­ремет қорғандары бар, Үржарда көптеген қорған бар, мысал ре­тінде әйгілі «Үржар ханшайы­мын» айтуға болады. Басқа ау­дандарда да көрсететін дүние көп – мұның бәрі туристерге қы­зық­ты болады деп ойлаймын», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ көтерілген проб­лемалар қатарында ЖЭО, мек­теп­тер мен ауруханалардың құ­ры­лысы, инфрақұрылым, өңір эко­но­микасына серпін беретін Ая­гөз – Тэчен халықаралық те­мір­жол құрылысы, Семей қа­ла­сы­ның бас жоспары, өлкетану мәсе­лелері болды.

Фото: aikyn.kz