Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өтті

ашық дереккөзі

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Қазығұрт аудандық штаб төрағасы, сенімді өкілдері  Е.Е.Исақұлов, Б.Абуов Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кездесу барысында штаб мүшелері  кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» -атты бағдарламасымен таныстырды.

 width=

Штаб төрағасы Е.Е.Исақұлов Кандидат Қ. К. Тоқаев Халықтық коалиция форумында демократия, заңның үстемдігі және теңдік қағидаттары орындалатын мықты мемлекет құру өз қолымызда екенін айтты. Яғни бұл мақсатқа халқымыздың бірлігі мен ауызбіршілігі арқылы қол жеткізе аламыз. Тек бірігу арқылы ғана әділ, жаңарған қоғам құруға болады. Біздің Отанымыз бір, мемлекетіміз де бір, біз біртұтас халықпыз. Тек осындай ұстаным ғана бізге жарқын болашақ құруға мүмкіндік береді. Сондықтан, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтуымыз қажет деді.

 width=

Штаб мүшесі Б.Абуов ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев  ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – Әділетті экономика екенін түсіндіріп, бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашатынын айтып өтті.

 width=

Кездесу соңында штаб мүшелері ауызбіршілік пен келісім негізінде әрекет етіп, әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Жүктелуде...