Жаңалықтар

Түркістан: Төлебидегі семинар-тренингте жастар озық идеяларын ұсынды

25 қазан - Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн мен той» іс-шарасына сәйкес, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Төлеби ауданында жастар арасында семинар-тренинг өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Шараның мақсаты – жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған облыстық «Samgau-Up-Shift» жобасы аясында жастарды қолдау.

 width=

Екі күнге созылған семинар-тренингтің алғашқы күнінде жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша сөз қозғалды. Басқосуда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова, «Жастар саясатындағы өзгерістерді талқылау» – «Jastar qyzmetkerleri» қоғамдастығының сарапшысы Сымбат Абдрахманова, «Әлеуметтік кәсіпкерлік бағытын дамыту» - «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпазы, Инклюзивті фитнес орталығының негізін қалаушы, ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Динара Наумова сынды мамандар лекция оқыды.

 width=

Шараның екінші күні квест ойындары ұйымдастырылып, жастар сарапшылармен бірге жоба әзірлеп, қорғады. Ең таңдаулы жобалар марапатталып, үздік танылған жобаларға қаржылай сыйлықтар берілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі