"URKER - 2022" Ұлттық бәйгесінде Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия беріледі

"URKER - 2022" Ұлттық бәйгесінде Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия беріледі

ашық дереккөзі

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін "URKER - 2022" Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, - деп newsroom.kz хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Байқауға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. 

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:

  • Жылдың үздік сұхбаты;
  • Жылдың үздік репортажы;
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы;
  • Халықаралық тақырыптағы үздік материал;
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
  • Радиостанциядағы үздік жоба;
  • Жылдың үздік фотосуреті;
  • Үздік өңірлік БАҚ.

Сондай-ақ, байқауда Ахмет Байтұрсынов, Шерхан Мұртаза, Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия ұсынылады. 

Айта кетейік, URKER - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Фото: tengrinews.kz

Жүктелуде...