Елордада өтіп жатқан AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылды, деп newsroom.kz хабарлайды.
AMANAT партиясының және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі реформалардың басты мақсаты әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру екенін баса айтты.
«Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», - деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, бүгін барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар «AMANAT»-тың басты саяси іс-шарасына жиналды. Съезге жалпы 1200 делегат қатысып отыр. Оның 700-і – еліміздің түкпір-түкпірінен келген партия мүшелері.
Еске салайық, биылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.