Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары кезінде алдағы кезектен тыс президент сайлауы туралы айтты, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Ол алдағы сайлауға қандай ұйымнан қатысатынына қоғам қызығушылық білдіріп отырғанына тоқталды.
Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан олардың атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол мұның барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді деді.
Бірақ жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытыма белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамы, — деді Президент.
Ол белгілі бір ұйымнан емес, бұл қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп айтты.
Сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды. Мен Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беремін, — деді мемлекет басшысы.