Түркістан облысының тұрғындарына 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге арналған өзінің сайлау учаскесі туралы қажетті ақпарат алу үшін Telegram мессенджерінде арнайы бот іске қосылды (https://t.me/tur_saylaw_bot) және Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды (https://tur.saylaw.kz).
Осы құралдардың көмегімен Сіз 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау күні дауыс бере алатын сайлау учаскесі туралы толық ақпарат (нөмірі, мекенжайы, байланыстары) ала аласыз.
Қосымша сұрақтар болған жағдайда 109 Call-орталығына хабарласуға болады. 109 Call-орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді.