Жаңалықтар

Қызметке тағайындалған әкім Мақатаевтың өлеңімен пост бастады

Жуырда ғана Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімі лауазымына тағайындалған жас шенеунік Нұрбек Бадырақов еліміздегі реалиге сай, яғни жаңа қызметке тағайындалғанда әлеуметтік желіге жазылатын постын қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастап, жұртшылықты тәнті етті.

«Маған артқа сенімдеріңізді ақтауға уәде етемін, жан аямай жұмыс істеймін дейтін қасаң сөздерден бас тартып, тарихы терең ауданға басшылыққа тағайындалған 34 жастағы жас әкімнің желідегі жазбасына 600-ден астам адам лүпіл басып, заманында үш жүздің басы қосылған тарихы терең ауданның су жаңа басшысына 300-ден астам адам желі қолданушысы оң пікір қалдырған. «Қадірлі Ордабасы ауданы тұрғындары! Құрметті достар!                                                Сәрсенбінің сәтінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі, мәслихат депутаттарының қолдауы, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының өкімімен бірлік пен татулық мекені – Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалдым. Бұл, мен үшін үлкен жауапкершілік. Ендігі міндет – Жаңа  Қазақстан құру жолында халыққа адал, әділ еңбек ету болмақ. М.Мақатаевша айтсам: Мынау өмір әділдіктің тұрағы, Мынау дүние әділдіктен тұрады. Ал Адам ше? Адам неге жылады? Біреулерден біреу неге ығады? Біреулердің сағы неге сынады?! Сондықтан ауданның әрбір тұрғынының үні мен үшін маңызды! Осы орайда, ел мүддесі жолындағы кез келген ұсыныс-пікір, ашық диалог алаңына дайын екендігімді айтқым келеді.        Сонымен бірге, жылы лебіздеріңіз бен шынайы құттықтауларыңызға алғысымды білдіремін!» - деген Н.Бадырақовтың постына Иске сәт құтты болсын!!!, Жаңа қызметің құтты болсын бауырым ! Алла абыройыңды биік етсін! Елдің батасын алатын әкім бол!, Нұрбек, ауданға әкім болып тағайындалуың құтты болсын! Әкімдік қызметтің қиыншылығы көп. Сәттілік пен абырой тілеймін! – деп жазылған пікірлер көптеп түскен.