Жаңалықтар

Танымал ақын-депуттаттың атынан ақша талап етпек болған

Құрметті достар! Менің атымды жамылып (аты-жөнін анықтадық) елімізге мәлім Қордың құрылтайшыларын бопсалап қаржы талап еткені туралы ақпарат келіп түсті – деп жазды белгілі ақын әрі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Оның жазуынша, Қор құрылтайшылары мен заңгерінде нақты дәлелдері бар (жазбалардың скриндары). Сол мәліметтердің негізінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосына жүгінетін боламын – деген Ж.Әшімжан төмендегідей мәтінді және жариялады.

Мен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садықанұлы Әшімжан барлық ортада, ойда да, қырда да, тауда да, таста да ашық қарым-қатынастамын.

Сайлаушылардың бетпе-бет кездесудегі, арнайы хатпен және әлеуметтік желіде жолдаған барлық сұрақ-сауалдарымен тікелей айналысып, тиісті мемлекеттік органдар арқылы оң шешілуіне бар күш-жігерімді салып келемін. Және кез-келген мәселеде ашықтық, жариялылық, әділеттілік, тазалық принциптерін ұстанатыным баршаңызға мәлім.

Алаяқтықтың үлкен-кішісі болмайды. Және мемлекеттік деңгейдегі, жекелеген тұлғаларға қатысты жемқорлықты, алаяқтықты қатаң айыптаймын.

Мұндай кеселдермен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек.