Әсіре ұлтшыл емен үңгірдегі: Балтабек Абаевқа өлең арнады
Әлеуметтік желіде жазба ақындығымен кеңінен танылған Балтабек Нұрғалиевтің кезекті шығармашылығы ҚР Мәдениет министрі Дәурен Абаевқа арналған деп жазады newsroom.kz порталы.
Айта кететін жайт, Балтабек Нұрғалиев – 1990 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі. Мамандығы – режиссер. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты.
Халықты жүр десеңіз қастерлеп кім? Дер едім: Ол – Дәурені Әскербектің! Халықтың нағыз досы – бұл тұлғамыз, Халықтың досын мен де дос көрмекпін! *** Білімді расыменен бұл тұлғамыз, Ұлықтар әсіресіз ұлтын нағыз. Әлеумет риза бүгін әдебіне, Сұқбатын салиқалы бір тыңдаңыз! *** Танытты салмақтылық, байыптылық, Бұл қылық – азаматқа лайық қылық. Жүрген жоқ популист боп, бос ұрандап, Жүрген жоқ ұшып-қонып, хайып қуып. *** Қазақша сөйлегені, тіл білгені – Құрметін бар қазаққа білдіргені. Дәуренін Әскербектің ұқпайтындай, Әсіре ұлтшыл емен үңгірдегі. ***