Жаңалықтар

Әкім баласына 25 мың га жер беріп жіберген: «Amanat» жерді қайтармақ

Бүгін Аманат партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Мақсаты - пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару.Кейін ауыл тұрғындарының арасында әділ үлестіру -  – деп жазды билік партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры Нұрмұхамед Байғара өзінің фейсбук парақшасында.

«Сондай-ақ қалаларда заңсыз берілген жерлерді де қайтару. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру біздің департаментке тапсырылған соң бүгінге дейін біраз фактіні есіттік, жағаңды ұстайсың. Батыста бір әкім баласына 25 мың гектар беріп жіберген. Жамбылда жер басқармасы, ЦОН-да істейтін кей азаматтар 7-12 жер учаскесінен алған. Біреу 4 мың гектар жер иеленген. Кей компаниялар ұсақ шет мемлекеттердің территориясынан көп жерге ие» - деп күйінген Н.Байғараның жазуынша, қалада біраз ЖК мектеп не балабақшаның орнына салынған. Не санитарлық аймақта тұр екен.

«Осылардың бәрін мемлекеттік меншікке қайтару қажет. Оңай емес. Сол үшін партия осы комиссияны құрды. Бас прокуратура, Ауыл шаруашылығы министрлігі, қоғамдағы белсенді азаматтармен бірге іске кіріседі. Латифундистер, басқалар кедергі жасап, талай қоңырау шалынайын деп тұр. Бірақ комиссия міндетін атқару керек. Себебі 150-ге жуық ауылда мал жаятын жер жоқ» - деген Нұрмұхамед Байғараның посты қызу талқыға түсті

  Р.S. Сырттай қарап отырсаң, талай әкім қолындағы қызметін қара басы үшін қолданып, билік деген институттың абыройын кетірген ғой. Себебі жоғарыдағы заңсыздықты тұрғындар біледі, бірақ айтар жері жоқ не шешілеріне көзі жетпейді. Енді өзгерту керек...(с) Нұрмұхамед Байғара