Жаңалықтар

Сұмдық! Қазақ ақынының өлеңі румын тіліне аударылыпты

Румын тілінде шыққан кітабымның тұсаукесері өткізілді. Крайова қаласының орталық кітапханасы тарихи нысан болып есептеледі екен – деп жазды қазақтың танымал ақыны және ҚР Жазушылар Одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет өзінің фейсбук парақшасында.

Күн сайын жыр оқып жатырмыз – деп жазған Ұ.Есдәулеттің жазуынша: «Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Саңқт-Петербордағы тарихи сөзінен кейін күллі дүние дидарында біздің еліміздің абыройы бірден өрлеп жүре берген». «Крайовада бас қосқан әлем ақындары бір-бірлеп келіп, қазақ мемлекетіне, халқына, оның қазіргі Президентіне ерекше құрметпен қарайтынын қатар жүрген маған қалайда сездіріп қалып жатыр» - деген қазақ ақынының жазбасына сүйенсек, Әлемдік Поэзия фестивалінің негізгі шапағатшыларының бірі, румын олигархы Кристи Берчиану өз мейрамханасында жайған кешкі дастарханы кезінде қазақ ақынымен, яғни ақынмен арнайы суретке түскісі келетінін айтып, қалта телефонын біздің дипломат Нұрлан Абдалиевке ұсынған. «Қасымызда үшінші тұрған молдавандық профессор, румын тілінің маманы, баспагер Александру Борчон зайыбы Ана екеуі Бейсенгүл екеумізбен отбасылық дос боламыз деп жатыр» - деген Ұлықбек Есдәулет одан бөлек румынның ұлы ақыны Михай Еминескудің мүсініне тағзым етіп, жыр оқыған. [caption id="attachment_66306" align="aligncenter" width="720"] width= Абай мен Ақын[/caption] Айта кететін жайт, Румыниядағы Қазақстан Елшілігін 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап, кәсіби дипломат Нұрбах Рүстемов басқарады. Дәл соңғы үш жылда Бухаресттегі "Қазақстан" скверіне Абай мүсіні қойылып, түркі тілдес Добруджа татарлары тұратын Меджидия қаласында қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазыға мүсіні орнатылып, жоғарыда жазылған Михай Еминескуға елордадада ескерткіш ашылған.