«Сау болыңыз» Кәрім Мәсімов Тоқаевты елден кетірмек болған

«Сау болыңыз» Кәрім Мәсімов Тоқаевты елден кетірмек болған

ашық дереккөзі

Бұл оқиға туралы жазушы Смағұл Елубайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып беріпті деп жазады newsroom.kz порталы. Екеуара әңгімемен қаламгер «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

«Қаңтар оқиғасы тұсында ол кісіге Мәсімов бастаған бір топ шен шекпенді келіп, «Ана жақта ұшағыңыз дайын тұр, жүре беріңіз» деді ғой. Мен қазір Президенттің өз аузынан естіген сөзімді айтып отырмын. Дәл осылай айтты. «Дайын тұр ұшаңыңыз, сау болыңыз» деген. Содан кейін бұл кісі шындап кірісті де ертесіне бүкіл билікті, Қауіпсіздік кеңесін қолға алды. Оны алудың процедурасы көп еді, бірақ оған қарамады да бірден жарлық, қаулы шығарды, билікті қолға алып, сол Мәсімовті отырғызды. Қасындағыларды да отырғызды. Әлі де отырғызу жалғасып жатыр», — дейді жазушы өз сөзінде.
Жазушының сөзінше, Президент «олар көп мен жалғызбын» деп ұшаққа отырып кетіп қалғанында бұл әрекеті халқына сатқындық деп есептелер еді.
«Сондықтан ол кісі не де болса ерлік жасады. Қорықпады. Сосын ОДКБ-ны шақырды. Егер де ұшаққа отырып Қазақстанды тастап кетсе, Қазақстан 3 күннің ішінде бөлшектеніп кетер еді. Бірден сепаратизм бас көтерер еді, азамат соғысы басталар еді. Қаңтар оқиғасы ойыншық болып қалар еді, бүкіл халық көшеге шығар еді. Мен Президентке «75-ке келген мен де көшеге шығар ем, себебі кез келген адамның Президент болғанын, заңсыз күшпен келгенін қаламаймын» дедім», - деп бөлісті жазушы.
Сонымен бірге Тоқаев жазушыға «Менің Президенттік және перзенттік парызым осылай болды. Мен басқаша шешім қабылдай алмадым. Биліктен мен кетсем шашырап кететін еді» деп айтқан.      

Тілші БАЛА

Жүктелуде...