«Samruk-Kazyna Trust» қоры киелі Түркістан өңіріне балаларды оңалтудың озық құрылғыларын тарту етті

«Samruk-Kazyna Trust» қоры киелі Түркістан өңіріне балаларды оңалтудың озық құрылғыларын тарту етті

ашық дереккөзі

Түркістанда мүгедектігі бар балалардың денсаулығын жақсартуға қажет тегін оңалту орталығы ашылды деп жазады newsroom.kz порталы. Аталған орталық жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар 1 жастан 14 жасқа дейінгі науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсете алады.  width=

Мұнда Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің бұған дейін өңірде болмаған алдыңғы қатарлы оңалту жабдықтарын өндірушілерінің заманауи шешімдері жинақталған. Оңалту орталығын қажетті озық үлгілі жабдықтармен жарақтандырудың барлығын «Қамқорлық» жобасының бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырды.

«Қамқорлық» орталығы ерекше балаларды оңалтудың жүйелі және кешенді тәсілін көздейтін халықаралық тәсіл бойынша қызмет етеді. Әрбір бала үшін балалар мен олардың ата-аналары қол жеткізгісі келетін бастапқы деректері мен мақсаттарына сәйкес оңалтудың жеке жоспары жасалады.

«Орталық жыл сайын нейро-ортопедиялық бұзылулары бар 600 баланы инновациялық технологияларға негізделген тегін, сапалы және тиімді кешенді оңалтумен қамтиды. Балалармен невролог, реабилитолог, емдік дене шынықтырунұсқаушылары, психолог, логопед, еңбек және эрго терапевтер, дефектолог сынды қажетті оқуды игергентүрлі бейіндегі мамандардың командасы жұмыс істейді», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

 width= Түркістандағы жаңа орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерапия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар.

Жоба еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарын ғана емес, сондай-ақ шалғай ауылдарды да қамтып отыр. Бұл балаларды жақын жерден тиімді оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

«Қамқорлық» бастамасы жынысына, жасына, этникалық қатыстылығына, мәртебесіне, сондай-ақ физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан барлық азамат үшін тең жағдай мен мүмкіндік жасауға бағытталған.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жобаның алғашқы екі кезеңі аясында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарында 15 оңалту орталығы, 8 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды. Бұл орталықтарды толық жабдықтау үшін бүгінгі таңда Қор 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

«Samruk - Kazyna Trust»

Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының

Корпоративтік қызметі

Жүктелуде...