Маймыл шешек жыныс жолымен жұғуы мүмкін: сарапшы

Маймыл шешек жыныс жолымен жұғуы мүмкін: сарапшы

ашық дереккөзі

Қазір әлемде жаппай тарап жатқан маймыл шешегі Испания мен Бельгияда өткен гейлер мен бисексуалдардың үлкен шарасынан кейін тарауы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекші сарапшысы  д-р Дэвид Хейманн Associated Press басылымына берген сұхбатында айтты деп жазады nbcnews.com. Маймыл шешегі алдын Африка аумағынан тыс жерде кеңінен тарамаған.

«Біз маймыл шешегі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыс болғанда тарайтынын білеміз, бірақ жыныстық қатынас жұқтыруды одан әрмен күшейтіп жіберген секілді» - деген Хейманн.
Аталмыш ауру Орталық және Батыс Африкада тараған. Ол жақтарда бұл дерт кеміргіштер мен приматтардан жұққанымен әлемге тарау оқиғасы болмаған. Қазіргі уақытта ДДҰ Ұлыбританияны қосқанда Испания, Израиль, Австралия, Франция, АҚШ, Швеция секілді елдерде 90-нан астам маймыл шешегімен ауыру фактісін тіркеген. Ақпарат басылымдарының жазуынша, вирус адамнан адамға оңай берілмейді және жаппай жұқтыру қаупі өте төмен.  

Жүктелуде...