Жаңалықтар

12-3: Партия құрам деген О.Сүлейменовке белгілі журналист не деді?

Әттең-ай, Олжеке...Партия құрам депсіз. Ертеде «Халық Конгресі» партиясының газетінде классик жазушылар Сайын Мұратбеков, Қалихан Ысқақов ағаларымыз, Қорғанбек Аманжол бар қатты сеніммен қызмет еттік. «Батылырақ болыңдар»,- деп бір жинадыңыз да, сосын ай өтпей Италияға Елші болып кетіп қалдыңыз! – деп жазды елге танымал журналист Махат Садық өзінің фейсбук парақшасында.

Оны біз «Ел ертеңі үшін - бірлік керек» деп түсіністікпен қабылдадық... – деген Махат Садық: «Бүгін тоқсанға жақындаған жасыңызда тағы сол ескі ұранды алып шықтыңыз...» - деп өз постын Асан Қайғының мына бір өлең шумағымен қорытындылады:

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер?!

Аяғы жоқ, жалы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер?!

Не дейік, күрсіңеміз:

Ақсақалы жоқ, Абызы жоқ,

Жас ұрпақ кімнен үйренер?!

  P.S. «Жаңа Қазақстанда» саяси өмір қыз-қыз қайнап басталғандай ма, қадірлі newsroom.kz порталының оқырманы? Өзіңіз қай партияға мүше болуды ойлап отырсыз?