Жаңалықтар

Заңсыз бизнеспен айналысқан шенеуніктер 3,8 млн теңге төледі

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілерін анықтау бойынша мониторингті бастаған деп жазады newsroom.kz порталы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік және басқа ақылы қызметпен айналасуға, сондай-ақ, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыса алмайды. Мониторинг нәтижесінде заңнамалық тыйымға қарамастан өзге де ақылы қызметпен айналысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды. Мәселен, қалалық орта мектебінің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны анықталды. Нәтижесінде тапқан табысы 190000 (бір жүз тоқсан мың) теңгені құрайды. Лауазымды тұлғаға 428820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 190 000 теңге табысы тәркіленді. Жалпы алғанда, жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған құқық бұзушылықтарды алдын алу мақстаында облыстың барлық мемлекеттік органның персоналды басқару қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.