Жаңалықтар

Ақтөбе облысы әкімінің бүкіл табысын жолдасы жұмсайды екен

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отбасының азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын білмейтінін жеткізді. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Айта кетсек, азық-түлік құнының күннен-күнге қымбаттап жатқанын алға тартқан көпбалалы аналар Ақтөбе облысы әкімдігінің алдына жиналып, өңір басшысымен кездеспек болған еді. Алайда Оңдасын Оразалин олармен кездесуге шықпады. Ал журналистер оның өзінің отбасы азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын сұрағанда, оны білмейтінін айтты.

«Мен бүкіл өзімнің табысымды, бәрін де жолдасыма тапсырып қоямын. Карточканы пайдаланатын да сол кісі», - деп қысқа қайырды әкім.