Түрікменстан әйелдері жасанды тырнақ, кірпік, ботокс жасай алмайтын болды

Түрікменстан әйелдері жасанды тырнақ, кірпік, ботокс жасай алмайтын болды

ашық дереккөзі

Түрікменстан әйелдеріне кірпік ұзартуға, жасанды тырнақ өсіруге, ерінді үлкейтуге тыйым салынды. Тыйымды бұзғандар мен салон иелері айыппұл арқалауы немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін деп хабарлады newsroom.kz порталы. Сұлулық салондарының тұтынушылары заңды бұзғаны үшін 300-500 манат (38 000 – 64 000 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Ал шеберлер көрсеткен қызметі үшін тіпті 15 тәулікке қамауға алынады. Қазір салон қызметкерлері мұндай тыйым салынған жағдайда қалыпты жұмыс істеп, нәпақа таба алмаймыз деп отыр. Алайда қазір ел билігі қыз-келіншектердің сыртқы келбетін бақылауды күшейте бастаған. Талапты тек көшеде, сұлулық салондарында, жоғары оқу орындарында ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда да қатайтып тастады. Енді оқушы қыздардың тырнақтары күнде тексеріледі. Сондай-ақ әйелдер мен қыздарға шашын қысқа етіп қиюға да тыйым салынған. Арнайы құрылған тексеру топтары әйелдерге ұзын және ұлттық киім киюді талап етеді. Мысалы, қазірдің өзінде комиссия бір әйелден сары шашын қара түспен бояуды талап еткен. Сонымен қатар, бұрын жасатқан жасанды сұлулықты (жасанды кірпік, қас, тырнақ, ботокс) кетіруді ескерткен. Ол үшін бюджет қызметкерлеріне бір-ақ күн уақыт беріліп отыр.

Жүктелуде...