«Еркек сықылды қатынсың!»: қызыл жіп сатқан «мамасита» актерге кіжінді

«Еркек сықылды қатынсың!»: қызыл жіп сатқан «мамасита» актерге кіжінді

ашық дереккөзі

Таяуда ғана «қасиетті» қызыл жіп сатып, елге елеулі болған блогер Әлия Байтуғаева (Super.mamasita) актер Жаһан Отарғалиевті «қатынға» теңеді деп жазды newsroom.kz порталы. Себебі Жаһан Отарғалиев Әлия Байтуғаеваның қызыл жібін көпшілік ортада мазақ қылған еді.

«Әлия Байтуғаның Instagram аккаунты блокқа түсіп қалғанда қызыл жіп көмектесті ме? Жоқ! Сол кезде ол өкіріп жылады. Қане қызыл жіп? Сол себепті де оған сенудің қажеті жоқ», - деген болатын ол.
Соған шамданған блогер актерға әлеуметтік желі арқылы қарымта қайтаруға тырысты. қызыл жіп
«Еркек сықылды қатынсың. Еркек адам өзін осылай ұстай ма? Қандай масқара?! Осындай қазақтар үшін ұяламын!» - деді «Супер мамасита» Instagram-дағы сторисінде.

Жүктелуде...