Тоғыз жасында 10 құран сүресін жатқа білетін Наурызбай Тәжібайұлы болашақта "қари" болғысы келеді деп жазады newsroom.kz порталы. Намаз оқуды алты жасынан бастаған Наурызбай Тәжібайұлы Шымкент қаласы, Мөлтек ауданы №87 орта мектептің 3 сынып оқушысы. Қазіргі таңда діни білімін үйінде жетілдіруде.
"Мен құран оқуды алты жасымнан бастадым. Маған құран оқуды үйреткен әкем болды. Әкем де дін жолында жүрген маман. Қазіргі таңда 10 - ға жуық сүрелерді жатқа білемін. Менің арманым - болашақта қари болу" - деді болашақ қари.Наурызбайдың әкесі баласының таңдауын қолдайтынын және алдағы уақытта діни медреседе білім алуын қолдап отыр. Оның айтыуынша:
"Наурызбай бала кезінен өте алғыр, талабы жоғары. Ол болашақта қари болуды армандайды. Қазіргі таңда оның арманын орындау барысында қолымнан келгенше көмектесіп жүрмін" - деді әкесі.
Тілші БАЛА