Жаңалықтар

Индрайвер Қазақстанға көшіп келді

InDriver халықаралық жолаушылар тасымалы сервисінде жұмыс істейтін қызметкерлердің негізгі бөлігі Қазақстанға көшіп келмек. Бұл жайлы Chocofamily Holdin-тің негізін салушы әрі иесі Рамиль Мухоряпов хабарлады деп жазды Newsroom.kz порталы turkystan.kz - ке сілтеме жасап.

Мұны InDriver-дің басшысы Арсен Томский де растаған.

«Арсен Томскиймен кездестік. Ол команданың негізгі (шешуші) бөлігі Қазақстанға көшеді деген ақпаратты растады. Бұл біздің еліміз үшін керемет жаңалық! Қонақтарды Алматыда қуанышпен күтіп алуымыз керек. Олар – Ресейдегі мықты адамдар. Енді олар Қазақстанда тұрып, осында салық төлейді, қаржы жұмсайды. Қазақстан тұрғындарына технологияны үйретеді» деп жазды Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желіде.