Жаңалықтар

Оман Сұлтандығында Наурыз тойланды.

Оман Сұлтандығында Наурыз тойланды деп жазады Newsroom.kz порталы Қазақстан елшілігінің Оман еліндегі ресми фейсбук парақшасына сілтеме жасап 
2022 жылғы 19-наурызда Масқат қаласында қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтті.
Омандағы 5-ші Халықаралық азық-түлік жәрмеңкесі шеңберінде Қазақстан Елшілігі Наурыз мейрамын тойлады.
 width=
Іс-шара аясында шетелдіктердің ерекше көңілінен шыққан қазақи тағамдардан ұлттық дастархан жайылып, домбырамен қазақтың күйлері шырқалды.
Наурыз мейрамын тойлауға Оман Сұлтандығында тұратын отандастар мен шетелдіктер белсенді қатысты.
 width=