Жаңалықтар

Бәрекелді! Түрікменстандағы сайлауға елдегі түрікмендер 100 % қатысқан

Бүгін көршілес Түрікменстан елінде президент сайлауы өтті. Айта кетер жайт, осы жылдың басында Аркадағ Пайғамбар жасына жеттім деп орнын босататыны жайлы мәлімдеген еді.

Осыған орай, ресми Ашхабадтың Қазақстанда орналасқан дипломатиялық өкілдіктерінде орналасқан сайлау учаскелеріне ел аумағында уақытша және тұрақты өмір сүріп жатқан түрікмен бауырлар жүз пайыз қатысқан деп жазады сенімді дереккөзге сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 19:00 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сайлау учаскелеріне тіркелген дауыс берушілер 100 пайыз келіп, өз таңдауларын жасаған. Дауыс берушілердің айтуынша бұл жолғы сайлау әділетті және демократиялық талаптарға сай өтті деп жазады порталға аталмыш хабарды жеткізген дереккөз. Бұл жолғы сайлауға ел президентінің ұлы – Сердар Бердымұхамедов және аграрлы партияның көсемі Агаджан Бекмұрадов, өндірушілер мен кәсіпкерлер партиясының жетекшісі Бабамұрат Мередов қатысқан.