Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды деп хабарлайды Newsroom.kz порталы akorda.kz сайтына сілтеме жасап Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді. Сонымен қатар Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Жүктелуде...