Жаңалықтар

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті (Видео)

Өткен аптада Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті деген ақпарат тарады деп хабарлайды Newsroom.kz порталы qazbrand.info сайтына сілтеме жасап.

Желіде Жұлдыз Әбдікәрімова бала-шағасымен бірге түскен видеоларын жүктеді. Тіпті жаңа үй сатып алу туралы көпшіліктен кеңес сұрады. «Жақында стористе балалардың өсіп қалғанын, бір бөлмеге сыймай, таласып қала беретінін айтқан едім. Сіздерден біраз кері байланыс алдым. Бұл жағдай бәрінің болмаса да көптің басында бар екен. Қазіргі үйлердің сапасы сын көтере бермейді. Көршілермен бір үйде, бір бөлмеде тұрып жатқандай, дауыстары құлақтың түбінен анық естілетін де үйлер бар екен. Құрбым қалжыңдап “Көршілерде күнде концерт. Бүгін күйеуінің көңіл-күйі жоқ” деп бәрін біліп-естіп отырады. Қазақтың “Үй сыртында кісі бар” деген мақалын қазір тура мағынасында қолдана берсек болады. https://youtu.be/DHpza55uSVE Сонымен, сізден кеңес керек. Қалай ойлайсыз, көп балалы отбасы үшін жер үй ыңғайлы ма, әлде көпқабатты үй тиімді ме?!», – деп сұрады ол. Соңғы суреттерінде Қайрат Нұртас байқалмағандықтан, желі қолданушылары олар бірге тұрып жатқан жоқ деп болжады. Алайда жары бұл ақпаратты теріске шығарды. «Сіздер Қайратты қайда деп сұрап едіңіздер. Ол ас үйде отыр. Сені менің желідегі оқырманым жоғалтып жатыр», – деді Әбдікәрімова.  

Лейла АСФЕНДИЯР

qazbrand.info