Жаңалықтар

8 наурыз туралы 8 дерек

Көктемнің ел алғашқы мерекесі 8 наурыз кей елдерде кеңінен аталып өтсе, кей елдерде мүлде еленбейді.

Осы орайда newsroom.kz порталы аталмыш мереке туралы 8 деректі оқырман назарына ұсынады.

  1. 8 символы шексіздіктің символы. Халықаралық әйелдер күнінің 8 санында аталып өтілуі тегін емес болса керек.
  2. 8 наурызды атап өту идеясы Клара Цеткин мен оның құрбысы Роза Люксембургке тиесілі.
  3. Әйелдер күнін атап өту тарихта мың жыл өмір сүрген көне Рим империясында болған деседі. Белгілі бір күні еркектер нәзік жандыларға гүл сыйлап, сыйлық тарту еткен. Үй жұмысындағы күңдер болса демалыс алған.
  4. 1910 жылдың 8 наурыз күні француз ұшқышы Элиз де Ларош ұшуға лицензия алған тұңғыш әйел болды. Бірақ Халықаралық әйелдер күнін атап өту күні мен оның аспан куәлігін алуы жәй сәйкестік болған.
  5. 8 наурыз күні Мадагаскарда тек әйелдер ғана демалады, өзгелер жұмысқа шығады екен.
  6. 8 наурыз Сирияда революция, Замбида жастар, Малайзияда сұлтан, Либерияда қаза тапқандарды еске алу күні.
  7. Халықаралық еркектер күні деген де бар. Латын Америкасындағы Тринидад пен Тобаго елі 19 қарашаны еркектер күні деп жариялау туралы бастама көтерген. Алайда, бұл күнге әлі жаппай демалыс жарияланған жоқ.
  8. Бұл күндегі әйелдер асыға күтетін сыйлық ол – гүл екен. Санау жүргізгенде 44 пайыз қыз-келіншектер гүл күтетіндерін айтса, қалғандары парфюм және түрлі әшекейлер деп жауап берген.

 

Әзірлеген Жүмәділ ЖАПАБАЙ