Пәкістандағы шабуылда 63 кісі қаза тапты

Пәкістандағы шабуылда 63 кісі қаза тапты

ашық дереккөзі

Жанкешті шабуылда кемінде 63 кісі қаза тапты. Жаралылардың саны 200-ге жетті деп хабарлайды Newsroom.kz порталы trt.net.tr сайтына сілтеме жасап
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 63 кісі қаза тапты. Жаралылардың саны 200-ге жетті. Жергілікті хабарларға қарағанда Пешавардағы Леди Рединг ауруханасының баспасөз хатшысы Асим Хан қаза тапқан адам саны артуы мүмкін екенін, 4 адамның ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. Жанкешті шабуылшы Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке кіретін кезде атқан полицияның біреуі сол жерді, біреуі де ауруханада қаза тапты. Жанкешті шабуылда кемінде 63 кісі қаза тапты. Жаралылардың саны 200-ге жетті. Полиция лауазымдыларының мәлімдемесінде Пешавардағы Куча Рисалдар мешітінде жұма намазы үшін жамағат жиналған кезде бомбалы шабуыл жасалғаны білдірілген болатын. Пәкістан премьер-министрі Имран Хан бомбалы шабуылды айыптады. Террористік ұйым ДАИШ жанкешті шабуылдың жауапкерлігін мойнына алды.

Жүктелуде...